Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
кетуге мәжбүр болды, соның нәтижесінде «жұтау мен өлім, қайыршылық пен қайғы жаппай орын алды, біреулер аштықтан өлді». Бұл ауыр апаттың себептерін зерттеушілер қазақ қоғамында қалыптасқан жағдайлармен байланыстырады. Қазақ хандығы өзінің тәуелсіздігіне қатер төнгеніне қарамастан ұзақ уақыт бойы бытыраңқылықта өмір сүрді2.

      Қабанбай батыр http://imena.pushkinlibrary.kz/

      Бөгенбай батыр http://kultobe.kz

      1723 жылғы жеңіліс қазақ халқын жасытқан жоқ және олардың қоғамдағы басып алушылыққа деген қарсылықтарын күшейте түсті. Егер қазақ даласында жауды тоқтатып қана қоймай, оны қуып шығатын күштер табылмағанда, қазақ халқының тағдыры бұдан да қайғылы болар еді.

      Әбілқайыр хан

      Өз ортасынан Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген және тағы да басқа көптеген атақты ұйымдастырушылар мен қолбасшыларды шығарды, мемлекетті аман сақтап қалу ісін халықтың өзі қолға алды3. Сонымен қатар әскери күшті саяси жағынан жұмылдырудың күрделі үдерісіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды қоғамдық және саяси қайраткерлер өз үлесін қосты. 1726 жылы жоңғарларға қарсы тойтарыс беру үшін үш жүздің басын қосу жөніндегі саясат белсенді түрде жүргізіле бастады. 1726 жылы Ордабасы жерінде (Шымкенттен оңтүстік-батысқа қарай) барлық үш жүз өкілдерінің басын біріктірген тарихи құрылтай болды. Онда барлық қазақтарды біріктіру қажеттілігі мен халық жасағын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Жасақтың бас қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1718-1748) сайланды.

      Ол қазақ қоғамының жоңғарға қарсы күштерін біріктіруге өзінің үлкен үлесін қосты. Осы құрылтайдан кейін үш жүздің жасақтары бірігіп, 1726 жылы Сарысу өзенінің батысына қарай орналасқан Бұланты өзенінің жағасында жоңғарларды ойсырата жеңеді. Бұл осы уақытқа дейін болған соғыстардың ішіндегі жоңғарларды жеңген алғашқы шайқас болды. Қалмақтар көптеп қырылғандықтан, шайқас болған жер «Қалмақ қырылған» деп аталды. 60 мыңдық қазақ жасағы жоңғар күштеріне үлкен соққы берді. Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, өз күшімен жауды жеңуге болатындығына деген үлкен сенімдерін ұялатты. Қазақ жасағы бастаманы өз қолына алып, жоңғарларға қарсы соғысқа шықты. Қазақ халқының жоңғар жаулап алушыларына қарсы азаттық күресіндегі елеулі оқиға Аңырақай шайқасы болды. Ол 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жердегі халық арасында «ит ішпес Алакөл» (көл тұзды болғандықтан, осылай аталған) атымен белгілі Алакөл көлінің жанындағы Аңырақай атты жерде болды. Жасақты Әбілқайыр хан басқарды.

      200 шақырымға жуық жерді алып жатқан Аңырақай шайқасындағы соғыс алаңында қазақтар жеңіске жетті. Бұл жер жаудың «аңыраған, боздаған жері» деген атқа ие болды. Бірақ қазақтардың Аңырақай шайқасындағы жеңісті әрі қарай сақтап қалуына Әбілқайыр, Әбілмәмбет және Сәмеке хандар арасындағы алауыздық кедергі келтірді.


Скачать книгу

<p>2</p>

Тынышбаев М. Великие бедствия (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата, 1991. – 152 с.

<p>3</p>

Копеев М.Ж. Таңдамалы. – Алматы, 1992. – 1-том. – 273 с.