Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
жүрген башқұрттармен тығыз қарым-қатынас жасады. Қазақтар мен Еділ қалмақтары арасында күрделі қақтығыстар болған кезде Кіші жүз руларының бір бөлігі Үй-Миас өзендерінің аралығы мен Жайықтың оңтүстік жағасында өмір сүрген башқұрт жерлерінде өмір сүрген. Патшалық әкімшілік башқұрт жайылымдарын оңтүстік-шығысқа ығыстырғаннан кейін олардың арасында қазақ жүздеріне бағытталған қарулы қақтығыстар көбейе түсті. Бұл қақтығыстардың күрделілігі туралы 1730 жылы мамыр-маусым айлары аралығында Кіші жүз жеріне белгілі (ақсүйектен шыққан) башқұрт тарханы Алдар Есенгелдиннің келгендігі дәлел болады. Ол қазақ-башқұрт арасындағы жер дауын шешу үшін Әбілқайырдан Ресейге елші жіберуін талап етті.

      Еділ қалмақтарымен арадағы қарым-қатынас бұдан да күрделірек болды. XVIII ғасыр қалмақ ханы Аюкенің халықаралық ықпалының күшеюімен сипатталады. Ол Еділдің төменгі ағысы бойында көшіп жүрген ұлыстардың билеушілерін өзіне бағындырып, осы геосаяси аймақтағы өзінің ықпалын күшейту үшін белсенді күрес жүргізе бастады. XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығында Аюке хан Ресей империясының ішінде де айтарлықтай күшейді, ол патшалық үкіметтің талабымен әскери жасақтарды тұрақты түрде жеткізіп отырды, ал Ресей өзінің еуропалық саясатында қалмақ жауынгерлерінің әскери мүмкіндігін пайдаланып, Аюкенің Оңтүстік Орал маңы, соның ішінде қазақ даласына бағытталған тонаушылық жорықтарына кедергі келтірмеді. Қазақтардың, қарақалпақтардың, башқұрттардың жауапты шабуылы аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келді. Белгілі тарихшы В.А. Моисеев 1720 жылдары Цеван-Рабданның Аюке ханға жіберген елшісінің қазақтарға қарсы өзара бірігіп шабуыл жасау туралы ұсынысымен келгендігі туралы жазады. Сол уақытта мұны Аюке хан патша үкіметіне хабарлайды, олар Аюкенің ұсынысын қабылдамай, қазақтар мен жоңғарлар арасындағы соғысқа араласпау керектігін айтады4. Бұл Әбілқайыр ханға мәлім болуы керек, сондықтан ол 1723 жылы 20 мыңдық қазақ және қарақалпақтан құрылған әскерге қолбасшылық етіп, ескерту жорығын жасайды.

      Бұл кезде қазақ жүздерінің оңтүстік шекарасында да күрделі әскерисаяси жағдай қалыптасты. Бұхара хандығы бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлінеді. XVIII ғасырдың басы өзара талас-тартыстың күшеюімен сипатталады, нәтижесінде Бұхарадан Ферғана, Балх, Ходжент және басқа да иеліктер бөлініп кетеді. Осыған ұқсас жағдай көршілес Хиуада да қалыптасты. Қазақ хандары мен сұлтандары Хиуа хандығының ішкі саяси өміріне белсенді түрде араласып, жергілікті топтар оларды өздерінің ханы етіп сайлады.

      Саяси жағынан қазақ билеушілерінің қоластында болған қарақалпақтар Сырдарияның төменгі және орта ағыстарында қоныстанды. Олар өтіп жатқан керуендерден алым жинап, салықты нанмен төледі және көрші халықтардың отырықшы аудандарына жасалған біріккен әскери жорықтарына қатысты.

      XVIII ғасырдың басында Ресейдің де шығыстағы белсенділігі, стратегиялық қызығушылығымен, сыртқы саясатының мақсаттарымен сипатталады.


Скачать книгу

<p>4</p>

Моисеев В.А. Россия и Джунгарское ханство в XVIII веке. – Барнаул, 1998. – 174 с.