Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
уақытында туыс арасындағы араздықтар болған жағдайда бір-бірінен кешірім сұрап, халық арасында мейірім-ықылас оянып, тіпті, жауласушы рулар арасында да татулық орнаған.

      Қазақ халқында діни сипаттағы «құрбандық шалу» дәстүрі де қолданылды. Құрбандық шалу соғыстың аяқталуы, ер азаматтардың соғыстан аман-есен оралуы және сәбидің өмірге келуі, тасаттық беру мен сүйек жаңғырту секілді салт-жоралғыларға байланысты да жасалынып отырған. Құрбандыққа қой мен жылқы малдарын шалу кең қолданылған.

      Көшпенді қазақ халқында мәдениет көшпенді өркениеттегі қалыптасқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар негізінде өмірдің барлық жағын қамтып отырғандығын да айта кетуге болады.

      XIX ғасырда қазақтардың рухани-материалдық мәдениетінде көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыс-салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды.

      Сонымен, қорыта айтқанда, 1867-1868 жылдары әкімшілік реформасы Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайту болса, ал қоныс аударушы орыс шаруаларын жаңа елдерде өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра отырып, қазақтардың мәдени дамуына ықпал жасау арқылы оларды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның тұтастығын күшейтуді көздеді.

      ХІХ ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениетінің өзгеруі. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону, көбінесе, меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары, негізінен, бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс-қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар саз балшықтан, күйдірілген кесектен қаланған үйлерді қыстақтарда салып тұрақтаған, жылдың басқа мезгілдерінде көшіп-қонуға бейімделген киіз үйлерде тұрды.

      Көшпенді қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көшіп-қонуға бейімделген киіз үйлер Еуразия көшпенділерінің ертеректен келе жатқан тұрғын үйлерінің қатарына жатады. Қазақ халқының киіз үйлерінің үлгілері олардың көлеміне байланысты қанат деп аталатын керегелер санымен анықталады. Үйдің қанаттар саны төрт қанаттан жиырма төрт қанатқа да жетіп отырған. Бұл киіз үйлер көшіп-қону кезінде өте ыңғайлы және жазда салқын, қыста жылы болған. Сыртқы пішіні жағынан киіз үйлер күмбез тәрізді және шошақ болып келетін.

      Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп-жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ – үй күмбезінің төбесі әрі терезесі.


Скачать книгу