Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу
машиналар және басқа да техникалар қолданылды.

Желтоқсан көтерілісі ұлттық мүдде жолында қайсарлық танытқан Қ. Рысқұлбеков, Т Тәшенов, Ж. Тайжұманов, Қ. Күзембаев және басқа да қазақтың жас демократтарын танымал етті. Өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбековтің, Мырзағұл Әбдіқұловтың, түрлі мерзімге кесілген басқа да азаматтардың биік парасаты, ел мен жерге шынайы берілген тұлғалы жандар екені қазақ еліне мәшһүр болды16.

Желтоқсан көтерілісінің белсенділері – Ж. Тайжұманов, Т. Тәшенов, Қ. Рысқұлбеков, Қ. Күзембаев сот залында (Алматы, 16 маусым 1987 ж.)

Желтоқсан көтерілісі қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп жетілген-ді. Оның шығу, өрбу себебі жүйенің шала дүмбілездігінде, оның империялық, тоталитарлық, казармалық табиғатында жатты17.

Желтоқсан көтерілісі бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды18.

Қорыта айтқанда, жастар, ең алдымен, халықтың намысы үшін, басқалардан тәуелсіздігі үшін күресті. Желтоқсан көтерілісінде қала көшесін кернеп, алаңды толтырған жастар халқының намысын қорламауды талап етті. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі үшін күрестің бастамасы болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қайта құру жылдарындағы ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтардың саяси астары.

2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын талдап көрсетіңіз.

3. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын анықтап, олардың қазақи патриотизмге қосқан үлесінің мәнін ашыңыз.

§ 3. Ауған соғысының тарихы (1979-1989 ж.)

1978 ж. Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Ауған соғысы тек өз ішінде ғана емес, оған сырт елдердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Ел ішіндегі шиеленіскен жағдайлар 1979 жылдың наурыз айынан бастап ауғандық жетекшілерге Кеңес Одағының әскерін Ауғанстанға енгізу өтініштерін айтуға мәжбүрледі. Мұндай халықаралық саяси салмағы бар мәселені кеңестік басшылар ауыр қабылдағанымен, Мәскеу 1979 жылы желтоқсан айының басында Ауғанстанға әскер енгізуді қажет деп тапты19. Соңғы саяси шешім 1979 ж. 12 желтоқсанда түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді. Бұл топта: Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Осылайша, жағдай КОКП ОК саяси бюросының толық мүшелерінсіз-ақ шешілді20.

Aндропов Юрий Влaдимирович (15.06.1914-09.02.1984 ж.)

1979 жылы 16 желтоқсанда КСРО Бас Штабының нұсқауымен Түркістан әскери округінде (қолбасшылық бекеті Ташкентте орналасқан) 40-ыншы армия жасақталды. Он жылға созылған Ауған соғысы барысында 40-ыншы армияға жеті

Скачать книгу

16

Әбжанов Х. Тәуелсіздік қарлығашы. һйр:/М^^.ііе.к2/?ра§е_і4=345&1ап§=т

17

Спанова Р. Біз білетін желтоқсан. – Алматы: Жалын, 2000. – 29-30 б.

18

Оңғарбаев С. Кеңестік заңның қуғынын көрген // Егемен Қазақстан. – 1999. – 16 желтоқсан.

19

Сайлан Б.С. Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989 ж.). – Алматы: Қазақпарат, 2001. – 188-б.

20

Корниенко В.М. Как принимались решения о вводе советских войск в Афганистан и их выводе // Новая и новейшая история. – 1993. – № 3. – С. 10.