Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
айынан 1959 жылдың тамыз айына дейін Шымкент педагогикалық институтындағы қоғамдық ғылымдар кабинетінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Осы жылдардан бастап оның барлық өмірі жоғары оқу орындарындағы қызметтерге байланысты болады. Оның ішінде 1959-1967 жылдар аралығында Қазақ химиялық-технологиялық институтында қоғамдық ғылымдар кафедрасында аға мұғалім, 1962-1965 жылдар аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультеті аспирантурасында оқып, 1965 жылы философия ғылымдары бойынша «Закономерности культурного развития деревни в процессе строительства социализма» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Қазақ химиялық-технологиялық институтында мұғалімдік қызметін жалғастырып, институттың партия хатшысы қызметін бірнеше жыл бойы қоса атқарған. Осы қызметті абыроймен атқарып, өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен танылды, әділдігімен ерекшеленіп көзге түсті.

      Мәдени дамудың динамикасын ғылыми тұрғыда терең игерген маман ретінде 1967 жылы Кеңес Одағы аумағында Мәскеу, Ленинград, Киев, Беларусия мәдениет институттарынан кейінгі Қазақстанда,Шымкент қаласында ашылған мәдениет институтына Садуахас Темірбеков небәрі 35 жасында ректор болып тағайындалып, осы лауазымда он бір жыл бойы жоғарғы деңгейде қызмет етті.

      Садуахас Темірбеков бұл институтты республика көлеміндегі ең іргелі оқу орындарының қатарына қосуға қыруар еңбек сіңіріп, тер төкті. Аталмыш институт ашылған кезінен бастап республикадағы мәдени-ағарту мекемелеріне жоғары білікті мамандар даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір оқу орны болды. Институтқа 1975 жылы ғұлама, ойшыл әл-Фарабидің есімі берілді.

      Сәкең басқарған он бір жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды; институттың материалдық базасы құрастырылып, профессорлық-педагогикалық ұжымы жинақтала бастады. Алғашқы жылы мұндағы 225 студентке 30 педагог дәріс жүргізген болатын, олардың ішінде ғылыми дәрежесі барлары үшеу ғана еді. Ректор институттың білікті профессорлық-педагогикалық құрамын жасақтау үшін Мәскеу, Санкт-Петербург (сол кездегі Ленинград) мәдениет институттары, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваториямен тығыз байланыс жасап, тәжірибелі, білікті мамандар шақырды. Осының бәрі Сәкеңнің жас талантты жандар бойындағы қабілетті жазбай танып, оларды жоғары бағалап, жағдайларын жасап, өз ұжымына тарта білген тез тіл тапқыштық, аса жоғары ұйымдастырушылық қабілеті және екінің бірінің бойында кездесе бермейтін зор адамгершілік қасиетінің арқасында іске асырды. Осылайша институт студенттеріне сапалы білім беру әлеуетін барынша нығайтты. Ол кездері саз аспаптарын табу қиын болғандықтан Мәскеу, Киев, Минск, Новосибирск, Таллин сияқты қалаларға өзі барғанда немесе институт мамандарын іссапарға жібере отырып, қажетті музыкалық аспаптар алдырып отырды. Ол кезде өте сирек кездесетін мәдениеттану, музыкатану туралы жазылған арнаулы әдістемелік әдебиеттер алуға қол жеткізді.

      Институт студенттеріне халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық құндылығы мен дүниетанымы, өнері мен мәдениеті туралы терең


Скачать книгу