Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
жиын материалдары жинақ боп басылып, тиісті мекемелер мен оқу орындарына таратылатын болды.

      «Сәкеңнің Орталық Комитеттің ғылым және оқу орындары бөлімін басқарған кездері осы саладағы ең бір жемісті жылдар болды, – дейді сол жылдары Қазақстанның Жоғары және арнайы орта білім беру министрі болған академик Көпжасар Нәрібаев. – Қазақстан Ғылым академиясының абыройы асып, Одақ пен Украина академиясынан кейінгі үшінші орынды тұрақты түрде иеленді. Білім беру жүйеміз де Одақ көлемінде алдыңғы шепке шықты. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, ғылыми-педагогикалық кадрлар саны сандық, сапалық жағынан өсіп-жетілді. Осындай жетістіктердің бәріне Садуахас Темірбековтің қосқан үлесі айтарлықтай болды», – деп ойын тұжырымдайды.

      Қоғамдық қызметтерде аса іскерлік-ізденімпаздық әрі жаңашылдығымен көзге түскен Сәкең сол жылдарда халық назарынан да тыс қалмайды. Олар үміт артқан зор сенім мен жауапкершілікті арқалап, қатарынан екі рет, 1980 және1985 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Мемлекетке сіңірген еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды, ҚКП Орталық Комитетінің хатшылар тобының мүшесі болды.

      Сәкеңнің осы қызметтегі соңғы жылдары 1986 жылы жарияланған Горбачевтың «қайта құру» авантюристік саясатына тұспа-тұс келді. КСРО үкіметінің сол кездегі отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесі халықтардың ұлттық мәдениеті, өзіндік дәстүрлері, менталитетімен санасуды біржола қойып, ұлттық ерекшелік, халықтың ұнасымды салт-дәстүрлері, өнегелілік, адамгершілік қағидаттарының көбін тәрк етіп, тек өз дегендерін ғана іске асырып, асқынып тұрған кезең еді. Осының салдарынан әлеуметтік-саяси, экономикалық өмірдегі қатынастар шиеленісі тым ширығып, ушыға түскен-ді. Ғасырлар бойы бодандықтан бостандыққа ұмтылған, өз ұлтының адал ұлы Садуахас Темірбеков осы бір алмағайып заманда қашанда халық жағында болды, ғұмырының соңына дейін осы ұстанымда қалды. Ол Орталық Комитеттегі қызметінен өз өтінішімен кетіп, 1986 жылдың сәуір айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне доцент болып қайта оралды.

      Ұзақ жылдар бойы ҚазҰУ-дың профессоры ретінде отандық мәдениеттану ғылымдарының қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді.

      Ол елімізде алғашқылардың бірі болып, Шымкент мәдениет институтындағы оқытушылық қызметінен бастап, мәдениеттің теориясы мен тарихы бойынша жүйелі түрде дәріс оқи бастады.

      Тәуелсіздік жылдарындағы өтпелі кезең – нарықтық қатынастарға байланысты руханияттың жағдайы, ұлт мәдениетінің даму мәселелері, қазақ халқының мінез-құлқывдағы құндылықтар мен кемшіліктер, қазақ жастарының еңбек ету, білім алу, ғылыми зерттеу жүргізу үрдісінде технологиялық менталитетті енгізу, т.б. мәселелер бойынша көптеген құнды еңбектер жазды. «Мәдениет және замануи өмір» (Культура и современность), «Мәдениет және өркениет» (Культура и цивилизация), «Әлемдік рухани өркениет құвдылықтарыньщ заманауи


Скачать книгу