Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
шыққан, бүкіл халыққа кең танымал болған көптеген өнер жұлдыздары оқу орнының даңқын одан бетер асқақтата түсті. Ескендір Хасанғалиев сияқты аға буын өкілдері бастаған қатарда Нағима Есқалиева, Марат Омаров, Марат Ілиясов, Мақпал Жүнісова, т.с.с. әншілер мен композиторлар болды.

      Садуахас Темірбеков жаңадан ашылған институтта басшылық еткен жылдарда кафедралардың саны бесеуден 13-ке, оқытушылар саны 137-ге жетті. Ғылыми дәрежесі мен атағы барлар 4 есе өсті. Институттың алғашқы түлектері Мәскеу мен Ленинградта тәжірибеден өтіп, аспирантурада оқып, ғылым кандидаттары болып оралды. 1976 жылы Ресейдің жоғары оқу орындарының аспирантурасына 7 оқытушы жіберілді. Институт кітапханасының кітап қоры 18 мыңнан 130 мыңға көбейді.

      Мәдениет институты музыка, музыкатанушы және мәдени-ағарту жұмыстары саласы бойынша мамандар даярлап шығаратындықтан, оқу үрдісінде әртүрлі музыкалық аспаптар пайдаланылатын еді. Оларды дер кезінде сабақ өтетін аудиторияға жеткізу өз алдына үлкен жұмыс болатын. Сол жылдарда институттың шаруашылық қызметін басқарған Н.Г. Ахундов, Е. Нұрманов, Қ. Жүнісов деген қызметкерлер Сәкеңнің өзі іздеп тапқан кадрлары еді. Олар әр уақытта өздеріне жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқаратын тыңғылықты мамандар болатын.

      Жаңадан ашылған педагогикалық мәдениет институтының жұмысымен танысуға КСРО Жоғары Білім беру және Мәдениет министрліктерінен келген бір топ маман мұндағы оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен іске асырылуына, материалдық-техникалық базасының деңгейіне ерекше көңіл қойып танысады. Оқу орнының әкімшілік ғимараты мен дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар өтетін және музыкалық аспаптармен дайындық жаттығу жүргізілетін студиялық бөлмелермен қамтамасыз етілуін тексеріп көрген соң, жоғары пікір білдіреді. Институттың ректоры Садуахас Темірбековті КСРО-дағы мәдениет институттарының оқу жоспары мен бағдарламаларын құрастырып әрі бекітетін Одақ Комиссияның мүшесі етіп кіргізуге шешім қабылдайды. Сонымен қатар, Одақ көлеміндегі мәдениет институттарының қызметкерлері осы оқу орнында тәжірибеден өтуге әбден лайықты деген тұжырым жасайды.

      Институттың оқу үрдісіндегі табыстарымен қатар, ректор ұжымның әлеуметтік жағдайын жақсартуды да қарқынды түрде іске асыруды қолға алды. Студенттерге арналған, алдымен 600 орындық, сонан соң тағы 500 орындық жатақханалар салынды. Бұған қоса оқытушыларға 80 пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Көп ұзамай институтқа жаңадан бас оқу ғимаратының салыну шешімі бекітіліп, құрылысы басталды. Бұл жылдары ол депутаттардың қалалық және облыстық кеңесіне сайланып, өзін партия және қоғам қайраткерлігі қырынан да танытты.

      Ректордың осындай ерекше іскерлік қабілеті Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің назарынан да тыс қалмады. Өзіне тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауы, басқарушылық және жаңашылдық, тапқырлық қасиеттері мен қызмет атқарудағы ұстанымдық тазалығы, адалдығы ескерілді. 1978 жылы сәуір


Скачать книгу