Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
Д.А. ҚОНАЕВ МЕКТЕБІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛДАРЫМ

      1978 жылы сәуірдің 26 жұлдызында сол кездегі министріміз Тұрғанбек Қатаевич Қатаевтың кенет телефон соққаны. Не болып қалды екен деп жүрегім лүпілдеп кетті. «Үшінші сәуір күні менің қабылдауыма келіңіз, ақылдасатын жағдай бар», – деді. Менің ойыма келгені төмендегідей еді.

      «Екі ұлым Алматыда оқиды. Біреуі университетте, біреуі мединститутта. Жататындары жатақхана. Алматыға келген сайын олардың жатақ жерін көріп, көңілім бұзылатын. Бір келгенімде Өмірбекке: «Маған Алматыға ауысуға жәрдемдес. Жұмыстың үлкен-кішісін таңдамаймын, тек пәтер берсеңіздер болды» деп айтқанмын. Өмекең көп ойланып қалды. Балалардың жағдайын айтқан соң, көнгендей болды. Министрге де кіріп, осы өтінішімді айттым. Ол кісі бәрін тыңдап болып: «Ректорлық қызмет жоқ. Ал басқа не тандайсьщ?» деп сұрады. Маған министрліктің қоғамдық ғылымдар бөлімінің төрағалығын берсеңіз болды. Жоқ, ол обал болады, ойланғаныңыз дұрыс. Мені асықтырмаңыз. Өтінішіңізді түбінде ескерермін», – деп қалған. Әңгіме сонымен біткен. Министрдің мына телефон соққаны сол қызмет жайы болар деп ойладым. Сонымен 2 сәуір күні ұшып келдім. Өмекең қарсы алды. Оның сөзіне қарағанда орталық партия комитетіне алуы мүмкін сияқты. 3 сәуір күні сағат 9-да министріміз Тұрекеңе келдім. Мені бір қуанышты сезіммен қарсы алды. Сөйтті де, ай жоқ, шай жоқ бірден орталық партия комитетінің меңгерушісі С.О. Жандосовқа телефон соғып: «Темірбеков жолдас келді, менде отыр», – деп еді, ол кісінің «Тезірек маған жіберіңіз», – дегенін естіп тұрмын. Тез арада Санжар Жандосовқа кірдім. Ол кісі:

      – Садуахас, біз сені осы бөлімге меңгерушінің орынбасары етіп алғымыз келіп отыр, оған қалай қарайсың? – деп сұрады.

      – Егер маған ондай сенім көрсетілсе, ойланбастан келісім беремін. Осында екі балам оқиды, арманым қызмет таңдамай, тек пәтер болса келетін ойым бар еді, – дедім. Оның алдында құжаттарым жатыр екен. «Сен қоғамдық ғылымдар кабинетін басқарыпсың, мұғалім болып істейсің, бірнеше жыл ҚазХТИ парткомының хатшысы болыпсың. Райком, горкомның бюро мүшелігін де атқарыпсың. Сен бізге керек кадрсың», – деді де, орталық партия комитетінің хатшысы Саттар Нұрмашұлы Имашевқа телефон соқты. «Ал, кеттік» деп мені ертіп ала жөнелді. Бірден қабылдады. Мен ректор болып істейтін институттың жағдайын сұрады. «Кадрлері қалай? Келешегіне қандай көңіл бөліп жатырсыңдар? Корпус салу мәселесі не болып жатыр? Өзіңнің ғылыми-зерттеу жұмыстарың қандай проблемалар төңірегінде?» деген мәселелер әңгіме болды.

      – Жолдас Темірбеков! Сіздің жоғары оқу орнының мәселелерін білетініңізде күмәніміз жоқ. Істеп жүрген ісіңізге біздің көзқарасымыз дұрыс. Осыны ескеріп отырмыз. Бірақ та, орталық партия комитетіне қызметке алу үшін бұл жеткіліксіз. Жұмысын жақсы білетін, өздері өте сауатты азаматтар баршылық. Сіздің кандидатураңызға тоқтап отырғанымыздың тағы бір үлкен себебі, ол жеке басыңыздың тазалығы. Сіз анау-мынау былғаныш іске бармайсыз. Топтарға қосылмайсыз. Жүріс-тұрысыңызда опыр-топырлық


Скачать книгу