Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
ашқан адам. Қызметтің аттарын білмейді. Оның дәрежесін әуежайға меймандарды қарсы алу, алмаумен өлшейді екен ғой, жарықтық.

      Сонымен, 1978 жылы сәуір айының 7 жұлдызында жаңа қызметіме кірістім. Бірден басыма түскен қиыншылық қағаз дайындаудан шығып қалғаным болды. Ал бөлімнің негізгі қызметі әртүрлі анықтамалар мен талдау қағаздарын жазу екен. Өте қиналып жүрдім. Ректор болып жүргенде, дайындап әкелген қағаздарды қарап шығып, жетіспейтін жерлерін толықтырыңдар деп тапсырма беріп, әбден піскен кезінде қол қойып үйренген басым. Бұл жерде бастан-аяқ өзің дайындауыңа тура келеді. Оның үстіне партиялық стиль дегені бар. Осылайша басым қатты. Ең алғашқы тапсырманы да орындауға тура келді. Оның қалай боп шығатыны тағы уайым. Оның үстіне, бөлімдегілер әрбір қадамыңды қадағалап отыр. Бұл қайдан келді? Жерден шықты ма, жоқ аспаннан түсті ме деушілер де бар. Бір күні партия ұйымының есебіне тұруға парткомның орынбасарына барып едім. «Ал, сіз қай жақтан келіп қалдыңыз?», – демесі бар ма. Даусында кекесін бар. «Оны білгіңіз келсе, С.Н. Имашев пен Д.А. Қонаевтан сұраңыз», – дедім. Менің байқағаным, Оңтүстіктен келген адамды жақтырмайтын сияқты. Жалпы атмосфера да осындай пікірде секілді. Ол кезде оңтүстіктерді «техастықтар» деп айтады екен. «Барлығын ақшаның күшімен бітіреді» деген қауесет жайлап кеткен. Көп ұзамай мен туралы да әжептеуір адамдар отырған жерде осы тәрізді әңгіме айтылыпты. Дастарқан басында Шымкенттен келген Жұмабай Тәшенов те болыпты. Ол кісімен бұрын қызмет бабында дастарқан басында араласып жүретінбіз. Әңгімеге араласып отырғандардың ішінен бір азамат:

      – Темірбеков тиісті адамдарға кемінде жүз мың сом асырған болуы керек, – деп қалған екен, сонда Ж.А. Тәшенов қатты ренжіп:

      – Толық білмейтін адамың туралы неге өсек сөз айтасың. Мен ол жігітті жақсы білемін. Барынша жақсы азамат және өте білімді әрі жоғары мәдениетті адам. Тап осы жерде Д.А. Қонаев кадрды барынша дұрыс таңдаған, – депті. Сол дастарқан басында отырған бір шымкенттік сыйлы ақсақал Жұмекеңнің сөзін растап:

      – Темірбековтің обалы бар жігіт, мынау айтқаныңыздың оған қатынасы жоқ. Білімді, тәрбиелі адам, – депті. Осыны естіп өте қуанып қалдым. Өйткені, Жұмекең отырған жерде мені ылғи көтермелеп, өзінің қатты сыйлайтындығын білдіріп жүретін. Осының бәрінің шын көңілден екендігіне көзім жетті. Жұмекең сияқты абыройлы ағалардың көпшілік ортасында айтқан сөзі тез жайылды да.

      Жұмысқа кіріскен екі-үш күннен кейін бөлім меңгерушісі шақырып алып:

      – ЦК-ның екінші хатшысы А.Г. Коркин келесі дүйсенбіге Алматы жоғары оқу орындарының ректорлары мен партия ұйымдарының хатшыларын жинап, студент жастар арасындағы заңбұзушылықтың кең орын алып бара жатқаны және оны жолға қою туралы кеңес өткізбекші. Соған аналитикалық материал дайындау керек. Оны жұма күні әкеліп беруді сұрап отыр. Осы істі сізге тапсырамын, – деді. Бұл мәселе негізінен маған таныс. Дегенмен, екі күн аянбай отырып, бейсенбі күні бастырған материалды


Скачать книгу