Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
1 наурыз 2011 ж.)

Құрметті Президиум!Құрметті аудитория!

      Бүгін біздер халқымыздың біртуар ұлы Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың сексен жылдық мерейтойын тойлап отырмыз. Мен Өмірбекпен Шымкент қаласындағы Сыпатаев мектебінде бірге оқып, 1949 жылы бітірдім. Екеуміз айырылмас дос болдық. Достығымыз Өмекең дүниеден өткенге дейін жалғасты. Егіз қозыдай болдық. Мен өзімнің сөзімде осы азаматтың тұлғалық қасиетіне тоқталмақпын.

      Мектепте оқып жүрген кезінен оның лидерлік ерекшелігі көзге түсетін, ол жанып тұрған от еді. Өте әділетті болды. Қажет кезде басқаларға қол ұшын созып, нағыз достық көмек көрсететін. Біздер үшін қызықты шараларды ұйымдастырудың шебері болатын. Сондықтан да бәріміз Өмірбектің айналасына топтасып, соның ықпалымен шешім қабылдайтынбыз. Жастар арасында ұрыс-төбелес болып тұрады ғой. Оларға Өмірбек әділетті төрелік айтып, тоқтатып отыратын. Ұрыс-керістің арты үлкен төбелеске айналып, шиеленіс ушығып кеткенде, мектеп басшылары Өмірбектің абыройын пайдаланатын.

      Сондайдың бірі біз 9 сыныпта оқып жүргенде болды. Есболған Егембердиев деген оқушы Ботанов деген досымен үзіліс кезінде төбелесіп, оның мұрнын бұзып жіберіпті, балалар екі жаққа бөлініп мәселе үлкен шиеленіске айналғанда Өмекең өзінің лидерлік абыройын пайдаланып, мәселені оларды татуластыру арқылы шешкен еді.

      Өмекеңнің келесі тұлғалық қасиеті – оның жаңашылдығы мен жасампаздығы. 1947 жылы біз оқыған мектептің жанынан интернат-пансион ашылды. Біздер жатақханада жатып, мемлекеттің толық қамқорлығына көштік. Елден келген балалармыз, мектепте өткізілетін кештерде билеуді білмейміз, сопайып тұрамыз. Өмірбек оқушылар комитетінің төрағасы. Соның ұсынысымен мектепте биді үйрететін үйірме ашылды. Оған жетекшілікке пресс-автоматтар зауыты клубынан Фертик деген хореограф шақыртылды. Әр аптада екі рет жаттығу өткізіп, біздер көпшілік билейтін билерді үйреніп шықтық. Енді орыс тілін жетік меңгеру мәселесі туындады. Оны да Өмекең ұйымдастырды. Орыс мектептерімен байланыс орнатып, бір-бірімізді кештерге алма-кезек шақырысып жүрдік. Осы кештерде Өмекең өзінің келешек жары Маямен танысты. Не керек, Өмірбек мектеп бойынша оқушыларға қатысты барлық ірі мәселелердің басында жүретін нағыз лидерге айналды. Оның орнын мектеп басшылары да мойындады.

      Өмекеңнің тағы бір ерекшелігі – ол бала кезінен өте батыл болатын, ешкімнен қаймықпай, өз пікірін айта алатын.

      Міне, Өмірбек Арысланұлының осы қасиеттері оның өмірдің үлкен сахнасына шығуына, нағыз қайраткер болып қалыптасуына сөзсіз әсер етті.

      1970 жылы ҚазМУ-дың ректоры болып тағайындалғаннан бастап ол өзінің барлық күш-қуатын аямай осы университетті алдыңғы қатарға шығаруға арнады.

      Ол негізгі үш мәселеге ерекше көңіл бөлді. Біріншіден, университеттің нағыз ғылым мен білімнің орталығына айналдыру. Ол үшін оқытушылар құрамын күшейтті. Қазақстанның көрші республикаларында жұмыс істейтін ғылым докторларын, профессорларын жинай бастады. Екі-үш жылдың


Скачать книгу