Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова

Читать онлайн книгу.

Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова


Скачать книгу
туындайды.

      7. Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай факторларға тәуелді:

      • елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайларға;

      • банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруіне;

      • қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;

      • қарыз алушының банкроттығына;

      • қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;

      • жаңа, таныс емес компанияларға берілген несиелерге;

      • жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;

      • қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;

      • қиын іске асырылатын немесе тез құнсыздануға икемді кепіл затын қамтамасыз ету мүлкі ретінде қабылдауына;

      • несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;

      • инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің туралығына;

      • несиені беру және қоржынды қалыптастыруға байланысты несиелік саясатқа жиі енгізілген өзгерістерге;

      • берілетін несиелердің түрлеріне, мөлшеріне және нысандарына, сондай-ақ қамтамасыз ету түріне.

      Банктік несиелік тәуекелін бағалау екі тәсілге негізделуге тиіс:

      – несиелік тәуекел деңгейін бағалау;

      – несиелерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктеу.

      Несиелік тәуекелді бағалауда мынадай басты көрсеткіштер пайдаланылады:

      – коэффициенттер;

      – болжанатын шығын мөлшері;

      – несиелік қоржынның сапасының көрсеткіштері.

      Қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалауда да сапалық және сандық талдаулар қолданылады. Сапалық талдаудың мақсаты – тәуекелдің пайда болу ықтималдығын бағалау. Сандық бағалаудың мақсаты қарыз алушының міндеттемесін орындамау барысында банктің шығын шегу ауқымын анықтау. Сапалық және сандық талдаудың нәтижелері бойынша несиелік тәуекелді бағалауға мүмкіндік туындайды.

      Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік тәуекелін бағалау мынадай тәсілдермен жүзеге асады:

      1) қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау;

      2) қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

      3) қаржылық коэффициенттер негізінде қаржылық жағдайын талдау;

      4) ақшалай ағымын талдау;

      5) менеджмент сапасын бағалау;

      6) несиені қамтамасыз ету көздерін бағалау.

      Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы заңды тұлғалардың несиелік қабілетін бағалауда келесідей қаржылық коэффициенттердің 4 тобы пайдаланылады:

      • өтімділік коэффициенті;

      • қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуекелділік коэффициенті;

      • компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігіне арналған айналымдылық коэффициенті;

      • пайдалылық коэффициенті.

      1. Өтімділік коэффициенті 2 түрге бөлінеді:

      мәні: 0,70-1,20

      ■ Егер 1,02-ден


Скачать книгу