Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Читать онлайн книгу.от қаруы, екінші жақтан садақ оқтары ортасында қалдық. Орман манап әскерлері Кенесары әскерлерін тоқтата алмайтынын біліп, Кекілік тауының ар жағына қарай кетті. Әлгі тау биігіне шығу үшін жарты шақырымдай жер бартын. Таудан өтіп, ар жағына түссек, орыс пулеметінен құтыла алатынымызға көзіміз жетті. Бұл өмірімде орыстан қу халықты көргенім жоқ. Ол жақта да от қаруын дайындап қойған екен. Енді тау биігінен әрі қарай түсе бастағанымызда алдымыздан атқылай бастады. Біз оқ қоршаудың ішінде қалғанымызды білдік. Енді кері кетуге де жағдай жоқ. Кенесары жауған садақ оғына да, пулеметке де қарамады. Орман манап әскерінің ар жаққа өтіп кетпек ойы әлі бар еді. Бұл кезде Кенесарының әскерінің жартысы қырылып қалған. Кенесарының бар ойы қырғыздардың әскерінің ішіне кіріп кетіп, орыстарды шатастыру болатын. Әйтеуір, өйтіп-бүйтіп, қырғыздардың әскерімен араластық. Көп әскер жараланып, артта қалды. Кенесарының қолы мен Орман манап әскерлері арасында айтып болмас айқас басталды. Әлден уақытта Кенесарыны ұстаңдар деген қырғыздардың даусы шықты. Мен де хан әскерлерінің ішінде жүргенмін, мына құлағыммен естідім, білезік арқан тастаңдар деген айқай шықты. Бұл кезде біздің қатарымыз сиреп қалған еді. Орман манаптың әскерлері Кенесарыға бірнеше білезік арқанды лақтырды да, ақыры соның біреуі дәл түсіп, Кенесарыны ат үстінен сүйреп әкетті.
Таң алдына Наурызбай да сиреп қалған әскерімен жетті. Біреулер оған ағасының тұтқынға түсіп қалғанын хабарлапты. Наурызбай көзсіз батыр еді. Таң алдында қырғыздарға қарай шапқан. Орман манаптың үлкен қолы да оны күтіп тұр екен. Оған да тұзақ тастап, тұтқындап алыпты.
Басшысы жоқ әскерде күш-қайрат болмай ма, есіміз шығып кеткендей болды. Күн шыға қалған әскерлер қайыра айқасқа шығып еді. Орыстар от қаруымен қайта атуды бастады. Енді соғысу емес, аман қалуды ойладық. Сай-саланы паналап, әркім өзі камымен кетті. Біраз адамдар Орман манап әскерімен араласып кетіп, жанын сақтады. Орман манаптың әскерлері енді бізден ешкандай қайран жоқ екенін біліп, Пішпек жаққа шегініп кетті.
Енді Ағыбай бастаған әскер басшылары Кенесары мен Наурызбайды құтқарудың жолын ойластырып, жеңілгенімізді мойындап, Орман манапқа адамдар жібердік. Ондағы ойлары ханды қайтарып алмақ еді. Ағыбай бастаған әскер басшылары келіссөзге қырғыздарға адам жіберді. Солардың арасында ол кезде жас кезім, мен де бардым.
Қырғыздар арасында бізді жақтайтын адамдар бар еді. Соларға келдік. Солармен бірігіп, Орман манапқа кісі жібердік. Ол өзі келмеді. Қасында жүрген адамдардың біреуін жіберіпті. Олар айтқан: «Ағайынды екеуіне де оқ тиген екен, екеуі де сол арада қайтыс болды». Біз оған сене қоймадық. Ақыры болмаған соң айттық, олай болса сүйегін беріңдер дедік.
Олар ертең бүрсікүнімен соза берді. Олардың мұнысы қулық екенін түсіндік. Ақыры бізге сыбыс хабар келді. Қенесары да, Наурызбай да тірі екен деген сөз жетті. Қырғыздар бір мәмілеге келер деген оймен жата бердік. Арада біраз уақыт өткен соң, Кенесарының басын кесіп,