Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
ешқандай пайда әкелмейді. Менімен бірге еріп барған болыстарға да осындай тапсырмалар берді. Сенбесеңдер мына көрші отырған Темештерден кісі жіберіп біліңдер, – деді. Сөзінің соңында: – Сіздер созып жібермей, осы жұманың ішінде мына орыс-казактарға әкеп тапсырыңдар. Нұра бойында отырған әрбір болыс қарауындағы Алтай, Қарпықтардың байлары жүйрік аттарын әкеп тапсыруы керек. Байлар тығып қалуды ойламасын. Мен қай байда қандай жүйрік барын білемін. Жүйрік болғанда, жүйріктің жүйрігін беріңіздер. Мен есептеп қойдым, болыстардағы әрбір байлар екеуден, үшеуден ғана келеді. Сарандық жасамаңдар. Оның арты жақсы болмайды. Соны естен шығармаңдар. – Шоң осымен сөзін аяқтаған еді.

      Не болады, не болмайды деген жоқ, болыстар, билер үнсіз кеткен. Шоң олардың қандай көңіл-күйде кетіп бара жатқандарын біле қалды да, олардың үндемеуі Шоңға ұнамады, содан кейін айтқан:

      – Мен сіздерге тағы да айтамын, бұл патшаның тапсырмасы. Бермесеңдер тартып алады. Ол жақсы емес, ең дұрыс жолы айқайласпай, дауласпай өз қолымыздан берейік, сонда жаманатты болмаймыз…

      Омар болыс кетіп бала жатып айтқан:

      – Сіз, Шоңке, қызық сөйлейсіз, ол аттар болыстардікі емес, байлардікі, оны сіз жақсы білесіз. Сонда солардан тартып әпереміз бе?

      – Сені сол туысқандарың, билер болыс етіп сайлады. Оны ояз қолдады.

      Айтқанды орындай алмасаң, неге болыс болып отырсың?

      Шоңның мына «алмасаң несіне болыс болып отырсың» деген сөзінен кейін Омар да, басқа болыстар үндемей қалған. Бұл үндемеуде бір сыр бар екенің білді Шоң, бірақ әліптің артын күтіп, басқа сөз айтқан жоқ. Дегенмен, мұның арты үлкен дау болатынын іші сезіп отыр еді. Даудың бастамасы Омардың әлгі сөзі екенін сезді. Арада екі күн өткен соң Шоң Омарға адам жіберді, оған хатты қосып жазып жіберген еді. Онда жазған еді: «Омар, сен уақытында орындамасаң, екінші рет „тақыр Омар“ атанасың. Бұл орыннан шығарып тастайды. Ояз сенің қанша бергеніңе қарамай, осы тапсырманы орындамасаң түрмеге де отырасың. Оны басыңдағы шашыңдай көр!» Қанша дегенмен, «Бес береннің» ішіндегі ақылдысы да, мықтысы да осы Омар еді. Шоң сөзіне түсіне қалды да, туысқаны Сапақтың балаларынан бастап, бір күн өткенде аттарды әкеп берген. Алайда, көп болыстардағы байлар үнсіз жатыр еді. Енді бірге еріп келген казак-орыстар мазасыздана бастаған. Шоң оларға айтқан: «Сендер шыдаңдар, мен сендерге осында жүрерде айттым ғой, қазақтар жүйрік аттарын қасында жатқан әйелдерінен де жақсы көреді. Ойланып, толғанып алсын». – Келгелі олардың кұлақтарына осы сөзді Шон құйып отырған еді.

      Орыс-казактар енді мына жайдың мәнін түсінген болуы керек, шыдады. Бірақ та Шоңнын өзі шыдай алмады. Әйімкүлдің төркін жұртына төрт күн өткен соң ат шаптырған еді. Олардын осы уақытқа дейін үндемей жатқанына ренжіп қалған. Губернатордың айтқаның орындамай, абыройымыз төгілейін деп отыр. Сол жағын ойлаңыз деген мәнмен хат жазған еді. Азна Шоңнын хатын оқып шығып, ағайындас үш болыстың басшыларына өзі барды. Жасы үлкен Азна Тәти бастаған үш болыстың, үш рудын билеріне жолығып айтқан еді:


Скачать книгу