Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
келгенін білген Темір өз істерін тастап, оның келуін жоғары бағалады. Темір оған құрмет пен сый-сияпат көрсетуде мүмкін болғанның бәрін жасауға күш салды, патшаға лайық тартулармен той өткізді. Оған (Тоқтамысқа) және оның серіктеріне ақылға сыймайтын және сансыз көп алтындарды, қымбат әшекей бұйымдарды, қару-жарақ және маталарды, аттарды және түйелерді, шатырлар мен қостарды, барабандар мен жалауларды, жасақтар мен әскерлерді, жалпы қаламмен жазып бітпейтін сый-сияпат берді. Оған деген құрметінің белгісінде оны өз ұлы деп атады».

      Сонымен бірге Темір Тоқтамысқа Сырдарияның оң жағалауындағы Сауран облысын Отырар және Сығанақ қалалармен бірге берді (расында соңғысын Орыс хан иелігінен жаулап алу керек еді).

      Сауранның билеушісі Орыс ханның ұлы Құтлық-Бұқа еді. Бірінші шайқаста Темір берген әскер басында тұрып жеңіліс табады. Бұл жағдай Темірдің Тоқтамысқа қатынасын бұзбады, тіпті, тағы бірнеше айдан соң Мәуереннахр билеушісі берген әскерді басқарып Тоқтамыс Сығанақ шекараларына келеді. Бұл жолы Орыс хан өзінің Тоқтақия атты ұлын жібереді, бұл да Темірдің жақтасын жеңеді. Бұл жолы қолынан жараланған Тоқтамыс Сырдариядан жүзіп өтіп құтылды.

      Енді іске Орыс ханның өзі араласты. Біріншіден, Тоқтамысқа қарсы әскер жинады (бұл жайлы Тоқтамыс жағына өтіп кеткен Орыс хан әмірлерінің бірі Едіге хабардар етіп қойды); екіншіден, Темірге ханзаданы беруге байланысты ультиматум қойды: «Тоқтамыс менің баламды өлтірді және сенің аймағыңа кетті. Менің жауымды маған ұстап бер, егер де көнбесең, онда соғысатын жерді айт». Алайда Әмір Темір Тоқтамыстың жақтасы және досы болып қала берді. «Ол менің мемлекетімнен өзіне баспана тапты, – деп жауап жазды Темір, – мен оны ұстап бермеймін, ал соғысты айтсаң мен оған дайынмын».

      Темір мен Орыс хан арасындағы ашық соғыс 1377 жылы қыста басталды. Мемлекет билеушілері басқарған екі жақ әскерлері Сығанақ қабырғаларында кездесті, алайда кенеттен өзгерген ауа райынан екі тарап соғыса алмай тарап кетті.

      1377 жылы көктемде Темір тағы Орыс ханға қарсы жорыққа аттанды, алайда үлкен шайқас болмады, өйткені сол кезде не сәл кештеу Орыс хан қайтыс болған еді. Орданы оның ұлы Тоқтақия билей бастады. Бірақ көп өтпей ол да қайтыс болып, тақты Орыс ханның басқа ұлы Темір Мәлік Оғлан иеленді. Екі ханның өлуіне байланысты болып жатқан жағдайды пайдаланып Тоқтамыс Саурандағы билікті алды, алайда бұл ұзаққа созылмады. 1379 жылы жаңа алтынордалық хан Тоқтамысты тағы жеңіп, оны Алтын Ордадан қуып шықты. Алайда бұл жолы да Тоқтамысты хан тағына отырғызуды шешкен Темірдің шыдамы таусылмады. 1379 жылы қыста ол Темір Мәлікке қарсы Ұрық-Темір және Ғияс-ад-Дин басшылығында әскер жасақтады. Тоқтамысты жеңген Темір Мәлік тура және ауыспалы мағынада да мас болып, талқандалды. Оның жеңілуіне өз хандарының жеңіл ойлы әрекеттерінен ызаланған Темір Мәліктің көптеген әмірлерінің Тоқтамыс жағына өтуі де себепкер болды.

      Шығыста орныққан Тоқтамыс 1380 жылы қыста батысқа жорық жасап, аз уақыт ішінде Сарай, Қажы-Тархан және Төменгі Поволжьедегі


Скачать книгу