Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
қарсы соғысқа көп көңіл бөлді, Әзірбайжанды біріктіруге тырысты. Өзбек билігі тұсында Алтын Ордаға орыс князьдықтарының бағыныштылығы да күшейді. 1318 жылы Михаил Ярославович Тверской, 1326 жылы Дмитрий Михайлович Тверской және Александр Новосильский, 1327 жылы Иван Ярославович Рязанский, 1330 жылы Федор Стародубский, 1339 жылы Александр Тверской және оның ұлы Федор өлтірілді. Енді Русь жеріне жазалаушы отрядтар көптеп барды. Қорыққан орыс князьдары өздері ханға салық алып келіп отырды. Русь жеріндегі моңғолдық билік жаңа кезеңге өтті, мұнда әскери қысым экономикалық қысыммен ауыстырылды. Ақыр соңында Өзбек өз әскерін әр жаққа шашпай, ирандық бағытқа бағыттай алды.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Өзбек хан тұсындағы Алтын Орданың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін талдаңыз.

      2. Ислам дінінің ресми мемлекеттік дін ретінде жариялануының барысы мен нәтижелері туралы жазба деректердің мәліметтерін талдаңыз.

      3. Алтын Орда мен Мысыр билеушілерінің қарым-қатынастары қалай дамыды?

      § 4. Алтын Орда тарихындағы дағдарыс және оның ыдырауы

      Алтын Орданың ең беделді хандарының бірі Өзбек хан 1342 жылы қайтыс болды. Өзбек хан билік еткен 30 жыл ішінде Алтын Орда өзінің нығаюы шегіне жетті. Хан қайтыс болған соң феодалдық ақсүйектер рөлі күшейді, алайда Өзбек хан өмірінің соңында-ақ олардың күшейгенін атай кеткен жөн. Өзінің мұрагері ретінде ұлы Тінібекті көрсеткен Өзбек хан өсиеті бұзылды.

      Ханның үш ұлы ішінде Тінібек 1333 жылдан бастап-ақ тақ мұрагері ретінде мемлекеттік іске қатысты, хан әскерін басқарды. Өзбек хан қайтыс болған кезде Тінібек Жаңа Сарайда болмады, Шағатай жерін жаулап алу жорықтарында болды. Осыдан ханның өлімі кенеттен болды деген қорытынды жасауға болады, басқаша жағдайда ол өз мұрагерін Орта Азияға аттандырмас еді. Хан өлімін естіген Тінібек астанаға хандықты қолына алуға асықты. Ол жолда болған шақта анасы оған қарсы әмірлермен келісіп, тақты өзінің екінші ұлы Жәнібекке берді. Сонымен бірге Тінібектің астанаға келуінің алдын алу үшін ханды қарсы алады деген сылтаумен адамдар жібереді. «Оған келген әмірлер оның қолын сүйе бастады, кейін олар оны ұрып, өлтірді. Кейін олар оның інісі Жәнібекке келіп болған жағдайдан хабардар етті. Кіші інісі Қыдырбекке қарсыласа отырып Жәнібек оны да өлтірді де, мемлекетті жалғыз өзі басқара бастады».

      Алтынордалық ақсүйектердің бұл кезде Жәнібекті қолдауының себебі мынада, Тінібек жастайынан Өзбек мұрагері ретінде мемлекеттік істерді жақсы білді, әмірлер үшін бұл тиімсіз үміткер еді. Олар өз биліктерін күшейту үшін Жәнібекті заңсыз түрде билікке келтіреді, ол әмірлердің айтуы бойынша әрекет ету керек еді, әрі толықтай соларға бағынышты болды.

      13 жылдық Жәнібектің басқаруы Алтын Орданың бұрынғы күшінің біртіндеп әлсіреу кезеңі болып табылады. Бұл, ең алдымен, көрші мемлекеттермен қатынаста көрініс тапты. Жәнібек билік құрған жылдары Польша, Литвия, Қырымдағы итальяндық колониялармен


Скачать книгу