Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.Бұл тонаудың нәтижесінде Алтын Орда экономикасы құлдырап, өзіне қайтып келе алмады. Деректердің хабарлауынша, аштық жаулаушының әскерінде де тарап, көктем келуімен Темір өз әскерін Иранға алып кетті. Оның артында кей кездері гүлденіп тұрған алтынордалық қалалардың күл қалдықтары ғана қалды.
Тоқтамыстың бұл уақытта қайда жасырынғаны белгісіз, өйткені бар деректерде бұл жайлы ештеңе айтылмайды. Қазіргі тарихшылар Новгород және Вятка облысына шабуылдар жасалып тұрған Бұлғарды арқа сүйер пункті болды деп есептейді. Шабуылдар тек тонаушылық тұрғыда, мақсаты ордалық жерлерді қайтару үшін соғысты жалғастыруға қажет заттар жинау болды. Бұл мәселенің күрделенуіне тек поволжьелік қалалардың қирауы ғана емес, Темір кеткен соң мемлекеттің шығысында пайда болған үш тәуелсіз, ханға жау екенін ашық айтқан ұлыстың пайда болуы да себеп болды. Алдымен, жоғарыда аталғандай, Темір өзінің Ордаға жорығының басында Поволжьені Құйыршық оғланға басқаруға берді, ол Сарайда және Заволжье аймақтарында билігін орнатты. Темірдің ойы бойынша алтынордалық тақта Тоқтамысты Құйыршық оғлан ауыстыруға тиіс еді. Алайда Темір аттылары кеткен соң шаңы басылып үлгермей Қажы Тарханнан тағы бір оғлан Орыс хан немерелерінің бірі Темір Құтлық пайда болды. Ол Қондыршыда Тоқтамыс жеңілген соң Сарай билігін қолына алмақ болып, Алтын Ордадан қуып шығарылған еді. Сонымен бір уақытта Жайықта өз отауын Едіге қайта қалпына келтіреді. 1391 жылыТемірдің Алтын Ордаға жорығында белсенді болған Темір Құтлық та, Едіге де 1395-1396 жылдардағы соғыста көлеңкеде қалды. Темір 1395 жылы жорығы басталар алдында Едігені өз жағына шақырып, оң жауап ала алмады.
Профессор Т. Омарбековтің деректер негізінде салған портреті
Шығыс ұлыстардың бағынбайтынын түсінген Тоқтамыс Қырымда өз билігін қалпына келтіруді бастады. 1396 жылы наурызда Каффа қаласын алады. Тоқтамыстың қайта билік алуы қарсыластарын толғандырып, олар енді белсенді әрекеттерге кірісті. Әмір Едіге оғлан бола тұра өзі орда тағына құқығы болмады, алайда өзі қойған Жошы ұрпағы арқылы билеу мүмкіндігі болды. Тоқтамыс Қырымды жаулап жүргенде Темір Құтлық және Едіге бірігіп Құйыршық оғланды, 1396 жылы күзде Тоқтамысты Қырымнан қуып шықты. Нәтижесінде Тоқтамыс литовтық ұлы князь Вивовтқа қашты, ал Алтын Орда аз уақытқа Темір Құтлықтың қол астында біріктірілді.
Вивовттың Тоқтамысқа көрсеткен қолдауы саяси жоспарында болды. Жеңілген Тоқтамыс формальды түрде Алтын Орданың ханы, барлық ұлыстардың, соның ішінде Орыс жерінің де иесі болып қала берді, осыған байланысты көрсетілген көмек үшін одан өтемақы алуға болар еді. Бұл Вивовт пен Тоқтамыс жасаған келісімде қаралып, осы бойынша Вивовт Тоқтамысқа Алтын Орда тағын қайта алуына көмектессе, Тоқтамыс оған ұлы Мәскеу князьдығына жарлық беруге тиіс еді. Мұның Вивовтқа ұнағаны сонша ол, тіпті, Алтын Ордамен қатынасын бұзды. Темір Құтлық тұсында беклербек болған