Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
билігі бар күшті орталықтандырылған мемлекеттік жүйені құру, сол арқылы көшпелі әскери топ арасындағы орталықсыздану, шеттеу ниетті жою жатты. Ол үшін де хандық билік бағындырылған елдердегі феодалдық топтың жоғарғы бөлігімен жақындасуы, қалалық өмірге, саудагерлерге, сауда-саттыққа қолдау көрсетуі, моңғол жаулаушылығы кезінде қираған өндіргіш күштердің, әсіресе ауыл шаруашылығын қалпына келтіруі, тұрақты салық пен міндеткерлікті сақтауы, әр түрлі талан-тараждардан сақтауы қажет болды. Бірінші бағыт моңғолдар үстемдігінің алғашқы кезеңінде жетекші орынға ие болып, оны Шыңғыс ханның өзі, Күйік қаған, ұлыс билеушісі Шағатай хан қолдаса, екінші бағытты қағандар арасында Үгедей қаған (1227-1242), Мөңке қаған (1251-1259) жақтап отырған.

      Шағатай, Жошы ұлыстары

      Ұлыс билеушілері арасында Дешті Қыпшақтың билеушісі Жошы хан екінші бағытты қолдағанын Джузджанидің дерегінен көруге болады. Ол бойынша Жошы әкесінің бағындырылған елдердегі жаппай қырулар мен тонауларды жүргізуін сынға алған, мұсылмандарға көмектесуді ойластырған. Екі бағыт арасында жабық түрде болса да үнемі күрес жүріп отырады. И.П. Петрушевскийдің көрсетуі бойынша екінші бағыт Хулағу мемлекетінде Газан хан тұсында, ал Шағатай мемлекетінде Кебек хан тұсында (1318-1326) жеңіске жетеді.

      Моңғол билеушілері арасындағы екі бағыт жөнінде пікір айтушылар, негізінен Иран, Мәуереннахр, Хорезм аймақтарындағы тарихи жағдайларға сүйенсе де, екі бағыттың Жошы үлысыньщ, оның ішінде сол қанатқа жататын Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы тарихи жағдайға қатысты екендігін де мойындауымыз керек. Бірақ та Шығыс Дешті Қыпшақтағы географиялық, шаруашылық, қоғамдық қатынастардың аталған аймақтардағы қатынастармен өзіндік ерекшеліктердің болуына байланысты екі бағыттың арасалмағында да өзгешеліктер байқалады. ХІІІ ғасырдың 70-жылдарына дейін моңғолдың ұлы қағандарының жергілікті халықтарға қатысты жүргізген саясаты бүкіл империяға ортақ болып, екі ағым арасындағы айырмашылықтар бірден байқалса, Жошы үлысындағы хандардың саясатынан біз алғашқы кезден-ақ екінші бағыттың басымдылықта болғанын аңғарамыз. Оның басты себебіне Жошы үлысындағы жергілікті тайпалардың шаруашылық өмірінде көшпелі мал шаруашылығының жетекші орында түруы жатса керек.

      Парсы тарихшысы Джузджани осы жөнінде Жошының көзқарасын мынадай дерекпен көрсетеді: «Шыңғыс ханның үлкен үлы Туши (Жошыны айтып отыр – Б.К.) Қыпшақ жерінің ауасы мен суын көріп, жер бетінде бүл жердің жерінен артық, ауасынан таза, суынан дәмді, жайылымдарынан кең жер жоқ деп білді. Оның басына әкесіне қарсы түру туралы ойлар келіп, жанындағыларға былай дейді: «Шыңғыс хан ақылынан ауысып, соншама халықты қырып, соншама елдерді жойып жатыр. Менің ойымша, ең тиімдісі әкемді аң аулауда көзін жойып, Мүхаммед сүлтанмен жақындасу, бүл елді гүлдендіру және мүсылмандарға жәрдемдесу болып табылады». Джузджанидің бүл дерегі Жошының қандай бағытты үстанғандығын бірден-ақ байқатып түр.

      Жошы ханның мүрагері болған


Скачать книгу