Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.Хайдудың сүйегінің қасында оның ұлдарын ауызбіршілікке шақырып, әке орнына оның үлкен ұлы Шапарды хан сайлауға көндіріп, ант алады. 1305 жылы Мәуереннахрда Шапар мен басқа шағатайлық ханзадалар арасында қақтығыс орын алады. Тува ханзадаларының бұл қылығын кешіруді өтініп, екі тарапты келіссөзге шақырады. Шапар келіссөз жүргізіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге келісім бергенімен, ханзадалар Шапардың інісі Шах әскеріне кенеттен шабуыл жасайды. Бұл кезде Шапар да Ертіс пен Алтай аралығында ұлы қаған әскерімен шайқасып жатқан еді. Ал бұл әрекеттер Туваның мақұлдауымен жүзеге асырылған еді. Ханзадалар мен әскері Тува жағына өткен соң Шапар амалсыз оған мойынсынады. Осылайша, Тува Шағатай үлысындағы Шағатай үрпақтарыньщ билігін қайта қалпына келтіреді. Рашид ад-Диннің жазуынша Тува 1307 жылы қайтыс болған. Әке орнына таққа келген Күнжек көп ұзамай өлтіріліп, таққа 1251 жылы өлтірілген Бөрінің ұлы Талик отырды. Ханзадалар мен әскердің көп бөлігі Қызыр деген мұсылман есімін қабылдаған бұл ханды Туваның ұлдары мен әмірлеріне қарсы жүргізген саясаты үшін жек көрді. Шамамен 1309-1310 жылдары оны Туваның ұлы Кебек қастандықпен өлтіреді. Кебек таққа ағасы Есенбұғаны отырғызады. Есенбұға билік құрған кезеңдегі Шағатай ұлысы ұлы қаған әскерінің жойқын шабуылдарынан көп зардап шегеді.
Жоғарыда Шағатай ұлысында екі дәстүрдің (көшпелі және отырықшы мәдениет) жақтаушылары арасында күрес орын алғанын айтып өттік. Сонымен, Кебек хан (1318-1326) тұсында Шағатай үлысындағы егінші, отырықшы аудандар гүлдене бастайды. Ол деректерде әділ, ақылды билеуші ретінде суреттеледі. Кебек хан ақша өлшем бірлігі және әкімшілік басқару жүйесіне енгізген реформалары арқылы белгілі. Соның ішінде Кебек ханның әкімшілік реформасына тоқтала өтсек. Моңғол билеушілерінде әкімшілікаумақтық басқару формасы ретінде әр түрлікезеңде қанатқа, ұлысқа бөлу жүйесі қолданылғаны белгілі. Кебек хан Мәуереннахрды түмендерге бөлуді енгізді. Түмен 10 мың әскер шығара алатын территориялық бірлестік болып саналды. Кебек ханға дейін Мәуереннахрдың әр аймағында басқару екі түрлі жолмен дамығанын көреміз. Мысалы, кейбір жерлерде жергілікті билеушілердің әулеттері бұрынғы биліктерін сақтап қалса, кейбір өлкелерде жергілікті билік дін адамдарының қолында қалды. Сондықтан Кебек ханның жүргізген реформасы таза феодалдық бытыраңқылық жағдайында жүзеге асты. Осылайша, түмендерге бөлінген Мәуереннахр өлкесі ұсақ феодалдық иеліктер түрінде болды. Мәселен, Бұхара және оның аймағы Садр бастаған діни иелік болса, Ангрен аймағына шоғырланған Жалайыр ұлысы бек басқарған көшпелі немесе жартылай көшпелі иелікті құрады. Сонымен, Мәуереннахрдағы жалайырлардың орталығы Ходжент қаласы болған Ангрен өзені аймағында өзінше жеке бір иелік құрғанын көреміз. Бұл кезеңде үлкен тайпалық бірлестіктерді айту үшін ел немесе ұлыс терминдері қатар қолданылған.
Кебек ханнан кейін билікке келген інісі Тармаширин (1326-1334) ағасының саясатын жалғастырды. Дегенмен негізінде экономикалық