Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
билікті иелену үшін өздеріне қажет әскери күш ретінде пайдаланып отырды. Дегенмен көріп отырғанымыздай, Шағатай ұлысы екіге бөлініп, оның ішінде көшпелі және отырықшы өмір салтын ұстанатын түркі ру-тайпалары аралас орналасқан Мәуереннахр өлкесі ұсақ-ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Мәуереннахрда орын алған саяси бытыраңқылық оған көрші мемлекеттердің тарапынан туған қауіпті күшейте түсті. Әсіресе Моғолстан мемлекетінің билеушілері Мәуереннахр сияқты бай аймақты басып алып, бұрынғы Шағатай ұлысының аумағын қамтитын мемлекетке билік жүргізу ойынан бас тарта қойған жоқ. Арада біраз уақыт өткенде жергілікті ру-тайпа көсемдерінің арасынан болашақ ұлы әмір – Ақсақ Темір көзге ерекше түсе бастайды. Бұдан былайғы тарихи даму Әмір Темір және оның ұрпақтары есімдерімен байланысты өрбіді.

      Бақылау сұрақтары:

      1. 1269 жылғы Талас құрылтайының маңызды қорытындысын қалай түйіндеуге болады?

      2. Шағатай ұлысының аумағы мен этникалық құрамын көрсетіңіз.

      3. Шағатай ұлысы билеушілерінің ішкі және сыртқы саясатында ұстанған бағыттарын дерек мәліметтері арқылы көрсетіңіз.

      4. Шағатай ұлысының ыдырау үдерісінің сипатын анықтаңыз.

      IV тарау

      ШЫҒЫС ДШП-ҚЫПШАҚТАҒЫ ХІV-ХV ҒАСЫРААРДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ ӨЗҒЕРІСТЕР

      § 1. Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және этносаяси құрылымы

      Ақ Орда мемлекеті – моңғолдар үстемдігінен кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған алғашқы мемлекет. Ол мемлекеттің тарихы XIII ғасырдың 20-жылдарында құрылған Жошы ұлысынан, оның ішіндегі Орда Ежен ұлысынан бастау алады.

      Бату хан Шығыс Еуропаға (1236-1242) жасаған жеті жылдық жорығынан оралғаннан кейін өзінің ағасы Орда Ежен мен інісі Шибанға үлеске жер береді. Сөйтіп, Жошы ұлысы өз ішінде Жошының ұлдары және олардың ұрпақтары билеген көптеген кішігірім ұлыстарға бөлінеді. Батудың ағасы Орда Еженнің және оның ұрпақтарының ұлысы алғашында Орда Ежен ұлысы, ал кейіннен Ақ Орда деп аталды.

      Орда Ежен ұлысының аумағына алғашқы кезде Ертіс өзенінен шығысқа қарай Ұлытау мен Қаратауға дейінгі, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер енді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе түседі де, XIII ғасырдың екінші жартысында Сырдың орта ағысы бойындағы жерлер де ұлыс құрамына енгізіледі.

      Орда Ежен ұлысының батысқа қарай Жошының бесінші ұлының иелігі – Шибан ұлысы орналасты. Шибан ұлысының аумағы туралы ортағасырлық авторлар былай деп жазады: «…Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның баласы Шибан хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Бату ханнан сыйлық ретінде төрт омақ алды». Ал ұлыстың аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: «Шибан жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерде, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп жүреді».

      Орда


Скачать книгу