Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
rel="nofollow" href="#i000004560000.jpg" alt="19"/>

      Негізінен Борақ өзін Орта Азияға көмек сұрап келген адам ретінде көрсетеді. Осылайша, ол ханнан өз адамдарын жинауға рұқсат сұрайды. В.В. Бартольд Борақ хан өз жағына жергілікті халықпен жиі-жиі қақтығысқа түсіп қалатын моңғол тайпаларын тартты деп жазады. Борақ көп ұзамай Мүбарак шах ханға қарсы шығады. 1266 жылы күзде Ходжент түбінде Мүбарак шах қолы талқандалып, өзі тұтқынға түседі. Ал Борақ өзін Үзгент қаласында хан деп жариялайды.

      Дегенмен Шағатай ұлысындағы билікті иеленген Борақ осымен тоқтап қалмады. Рашид ад-Диннің жазуынша Ұлы ханға бағыну ниеті жоқ бұл билеушіге қарсы әскер жіберген ұлы хан Хұбылайдың әскерін талқандайды. Келесі деректер Борақтың тек ұлы хан Хұбылайға ғана емес, Хулагид Абаға ханға да қарсы саясат ұстанғандығын хабарлайды. Ол Абағадан жеңіліп, ауыр шығынға ұшырағанда, оған қарсы ұлы хан Хұбылайдың әскері аттанады. Дегенмен ұлы хан әскері келер түннің алдында Борақ қайтыс болады. Осылайша, Шағатай ұлысында орын алған дүрбелеңді келесі Шыңғыс ұрпағы немесе Үгедейдің немересі Хайду пайдаланып қалуға тырысады. Ортағасырлық деректерге қарағанда Хайду ерлігі мен тәртібі елге мәтел болатындай үлгілі армия құра білген. Ол дарынды қолбасшылығымен ғана емес, көреген мемлекет билеушісі ретінде де ерекше көрінді. Кезінде Хұбылай мен Арықбұғы арасында ұлы қаған тағы үшін күрес жүріп жатқанда, ол соңғысының жағында болған. Бірақ Арықбұғы жеңіліп, Хұбылайға жеткен кезде, Хайду Орта Азияда қала берді. Хайду Ұлы қаған тағына Хұбылай емес, өзім отыруым керек деген пікірде болды. Ол бұл ойын кезінде Шыңғыс ханның өзі ұлы қаған тағына Үгедей ұрпақтары ғана иеленуі керек-мыс деген өсиетімен негіздей түседі. Сонымен, Жетісу мен Сырдарияның шығыс аймақтарын иелену үшін Борақ пен Хайду арасында күрес басталады. Бұл күресте Хайду жергілікті халықтың мүддесін қорғаушы ретінде көрінеді. Ал Борақ және оның әскерлері мен жергілікті халық арасындағы қарымқатынас шиеленісіп тұрған еді. Осылайша, Шыңғыс ұрпақтары мен оларды қолдаушы ру-тайпалар мен жергілікті халықтың қарым-қатынасы әрі моңғол билеушілерінің соңғыларына қатысты ұстанған саясаттарына байланысты Шағатай мемлекетінің тарихында маңызды орын алатын әрі моңғол билеушілері саясатындағы түбегейлі бетбұрысты білдіретін атақты 1269 жылы Талас құрылтайы өткізіледі.

      1269 жылы көктемде Талас өзені бойында өткен құрылтайда ортағасырлық моңғол билеушілері ортақ келісімге келеді. Хайду мен Борақ бір-бірімен қандасқан достыққа ант берді. Талас құрылтайының негізгі шешімі бұдан былай моңғол билеушілері таулар мен далаларда ғана өмір сүріп, қалалар мен егістік жерлерді мал тұяғымен таптап бүлдірмеуге әрі жергілікті халықтан кесімді салықтарды жинау туралы ортақ келісімге келулері болды. Осыдан кейін моңғол шапқыншылығы басталған кезеңнен бастап қирату мен бүліншілікке ұшыраған қалалар мен егістіктер, сауда ісі, қолөнер, т.б. қайта дамуға мүмкіндік алды. Кезінде Ясса заңдарына «қарсы» болғаны үшін малын адал бауыздауға, судың «тыныштығын» бұзып жуынуға қорыққан, сондай-ақ


Скачать книгу