Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары. Ларри Кинг

Читать онлайн книгу.

Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары - Ларри Кинг


Скачать книгу
апрещено такое использование, в результате которого электронная книга, ее часть, фрагмент или элемент станут доступными ограниченному или неопределенному кругу лиц, в том числе посредством сети интернет, независимо от того, будет предоставляться доступ за плату или безвозмездно.

      Копирование, воспроизведение и иное использование электронной книги, ее частей, фрагментов и элементов, выходящее за пределы частного использования в личных (некоммерческих) целях, без согласия правообладателя является незаконным и влечет уголовную, административную и гражданскую ответственность.

      © «Remember?» by Irving Berlin © 1925 by Irving Berlin

      Сopyright © 1994 by Larry King

      © Басылым қазақ тілінде, аударма, безендіру. Zerde Publishing, 2024

* * *

      «Бұл қызықты кітапта көрсетілгендей, сөз сөйлесуде Ларри Кингтен асатын ешкім жоқ. Оның негізгі ережелері: әрқашан дайын болу, тыңдай білу және әзілді түсіне білу, бұның барлығы – әркім үшін маңызды сабақ».

Генри Киссинджер

      «“Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері” – нақты және пайдалы ақпаратқа толы тамаша кітап».

Томми Лазорда

      «Ларри Кингтің жаңа кітабын рахаттана оқыдым, ол осыны айтуым үшін төлеген жоқ. Ойланып қарасам, ол маған оның шоуына қатысқаным үшін де ақша төлемеген. Бірақ кітап маған бәрібір ұнады».

Джордж Бёрнс

      «“Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері” – мен оқыған даналық пен практикалық кеңестерге ең толы кітап. Қарым-қатынас – қажетті дағды, ал Ларри Кинг – қарым-қатынас шебері, енді ол өз білгенімен бөлісуде. Ларри бұл кітапты ертерек жазғанда, мен қазіргіден де қызығырақ мансапқа ие болар едім».

Дэн Рэзэр

      Менің агентім әрі досым

      Боб Вульфтың

      құрметіне арналады.

Л. K.

      Тобымыздың басқа мүшелері

      Ешқандай кітап жалғыз ғана автордың жұмысымен шектеліп қоймайды. Біз өзіміз сұхбат жүргізіп, мақалалар жаздық, бірақ басқалар да маңызды рөл атқарды. Біздің мына кісілерге алғысымыз шексіз, атап айтқанда:

      Питер Джинна, Нью-Йорктегі «Crown Publishers» басылымының редакторы;

      Джуди Томас, Ларридің жеке көмекшісі және «CNN»-дегі «Larry King Live» шоуының бірегей продюсері;

      Мэгги Симпсон, «Larry King Live» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры;

      Пэт Пайпер, көптеген жылдар бойы «Mutual Broadcasting System»-дегі «Larry King Live» шоуының продюсері;

      Стейси Вульф, Ларридің агенті, осы кітаптың жарыққа шығуына зор үлес қосты;

      Рассел Гейлен, Биллдің көп жылдар бойы кітаптарының шығуына көмектескен агенті.

      Кіріспе

      Біз бәріміз сөйлеуіміз керек

      Сіз

      1. Ұшақтан парашютсіз секірер ме едіңіз немесе

      2. Жиында бұрын-соңды кездеспеген біреудің қасында отырар ма едіңіз?

      Егер жауабыңыз бірінші нұсқа болса, онда күйінбеңіз. Сіз секілді адамдар толып жатыр. Біз күн сайын сөйлесетін болсақ та, сөйлеу оңай болмайтын немесе біз ойлағаннан әлдеқайда жақсырақ сөйлеуге болатын көптеген жағдайлар бар. Күнделікті өмірде немесе кәсіби салада болсын, табысқа жету жолы сөйлеу арқылы іске асады. Егер өзіңізді сенімді спикер деп санамайтын болсаңыз, бұл жол қиын болуы мүмкін.

      Сондықтан мен бұл кітапты сол жолды жеңілдету үшін жаздым. Мен отыз жеті жыл бойы сөйлеу арқылы күн көріп келемін және радио, телешоуларымда Михаил Горбачевтен бастап, Майкл Джорданға дейінгі адамдармен сөйлестім. Мен сондай-ақ шерифтерден бастап есік сатушыларға дейінгі әртүрлі саладан шыққан тыңдармандардың алдында үнемі сөз сөйлеймін. Келесі беттерде мен сізбен бір адам түгілі жүз адаммен болса да, қалай сөйлесу керектігі туралы бар білгеніммен бөлісетін боламын.

      Мен әрқашан сөйлеуді ұнатып, сөйлегеннен рахаттанатын едім. Бруклиндегі балалық шағым туралы алғашқы естеліктерімнің бірі – сексен алтыншы көше мен Бэй-Парквейдің бұрышында тұрып, өтіп бара жатқан көліктердің маркаларын жариялауым еді. Жасым жетіде. Достарым мені «жаршы» деп атайтын. Мен содан бері сөйлеп келемін.

      Менің сол кездегі ең жақын досым, Хёрб Коэн (әлі күнге дейін ең жақын досым), барлығына Эббетс Филдте «Доджерс» тобын қалай қолдағаным туралы айтудан жалықпайды. Мен шеткі қатарларда басқа көрермендерден алшақта отырып, ойын барысын жазып, «хабарлап» отыратынмын. Содан кейін үйге оралып, достарыма ойын туралы бәрін түк қалдырмай айтатын едім. Хёрб әлі күнге дейін адамдарға: «Ларри Эббетс Филдтағы екі сағат он минутқа созылған ойынға барса, сол уақытқа сәйкес ойын сипаттамасын айтып беретін», – дейді. Хёрб екеуміз алғаш рет директордың кабинетінде кездесіппіз. Жасымыз онда болатын. Қазір бізді сол кезде директордың кабинетіне не себеппен шақырғаны есімізде жоқ, мүмкін сабақ үстінде сөйлеген шығармыз.

      Мен сөйлеуді аса ұнататын болсам да, басқалардың неге сөйлеуге қиналатынын


Скачать книгу