Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары. Ларри Кинг

Читать онлайн книгу.

Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары - Ларри Кинг


Скачать книгу
сөйлесу қызық деп айта алады. Өзі жақсы сөйлейді ғой», – деп ойлауыңыз әбден мүмкін.

      Сөйлеу менің табиғи қабілетім екені рас, бірақ бір нәрсеге табиғи қабілеті бар адамдар да оны дамыту үшін жұмыс істеуі керек. Талантты шеберлікке айналдыратын да – осы. Тед Уильямс – бейсболдағы мен көрген ең ұлы шабуылшы және менің өмірімдегі кез келген адамға қарағанда көбірек табиғи қабілетке ие болған адам ретінде кезінде басқалар сияқты соққы жаттығуларын жасаған.

      Лучано Паваротти керемет дауыспен дүниеге келсе де ән айту сабақтарына қатысқан. Менде табиғи қабілет, сөйлеуге бейімділік бар. Бірақ айтуға сөз таппай қалған сәттерім де көп болды.

      Менің сәтсіз бастамам

      Егер сіз отыз жеті жыл бұрын Майами-Бич радиостудиясындағы менің алғашқы таңертеңгілік эфирімді көрсеңіз, мені кәсіби спикер ретінде табысқа жете алады деп ойлауыңыз екіталай болатын шығар.

      Бұл оқиға 1957 жылдың 1 мамырының таңертеңінде Вашингтон-авенюдің жанында орналасқан бірінші көшедегі полиция бөлімшесіне қарама қарсы тұрған шағын «WAHR» радио станциясында орын алды. Мен эфирге шығу туралы арманымды іске асырамын деген үмітпен сол жерде үш апта уақытымды өткіздім. Станцияның бас менеджері Маршалл Симмондс менің дауысымды ұнататын, бірақ станцияда сол уақытта бос жұмыс орны болған жоқ. Мен мойымай, Симмондсқа тәуекелге баруға дайын екенімді айттым. Егер станцияда қалсам, мені орын босаған сәтте жұмысқа алатын болып келістік.

      Мен Бруклиннен жол тартқандағы бар білгенім – радиостанцияға жұмысқа тұрғанға дейін ағам Джек пен әйелінің шағын пәтерінде тұра алатыным ғана болатын. Олардың пәтері радиостанцияға жақын орналасқан еді. Қалтамда көк тиын болған жоқ. Бірақ мен күн сайын радиостанцияға барып, тікелей эфирдегі диск-джокейлердің қалай жұмыс істейтінін, дикторлардың соңғы жаңалықтарды жеткізуі мен спорт комментаторларының ойын нәтижелерін хабарлауын бақылайтынмын.

      Менің алғаш рет «AP» және «UPІ» арналарындағы жаңалықтардың жеткізілуін көргенде қаншалықты тәнті болғанымды білсеңіз. Біреу эфирде пайдаланады-ау деген үмітпен бірнеше шағын мәтін жазған едім. Кенеттен, үш аптадан кейін таңертеңгі жүргізуші жұмыстан шығып кетті. Маршалл мені жұма күні кеңсесіне шақырып, дүйсенбі күні таңғы тоғыздан бастап жұмысқа шығатынымды айтты. Маған аптасына елу бес доллар төлейтін болды. Мен дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы тоғыздан түске дейін жұмыс істейтін болдым. Түстен кейін сағат беске дейін хабарлар мен спорт жаңалықтарын жариялаумен айналыстым.

      Менің арманым орындалды! Мен тек радиода ғана емес, сонымен қатар күн сайын таңертең үш сағат, түстен кейін тағы бес-алты рет эфирге шығуым керек еді, яғни «CBS» супержұлдызы Артур Годфри сияқты эфирге жиі шығатын болдым.

      Сол демалыс күндері тікелей эфирде айтатынымды тоқтаусыз қайталай бергендіктен, дүйсенбі күні сегіз жарымда қатты шаршайтынмын. Аузым құрғап, су мен кофе іше бердім. Эфирде қоятын Лес Элгарттың «Swingin' down the Lane» атты әнін жазып алып, студияға кірген бойда оны эфир басында ойнатуға дайындап қойдым. Әр минут сайын көбірек қобалжу арта түсті.

      Содан


Скачать книгу