Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары. Ларри Кинг
Читать онлайн книгу.Мелдің атақты әнші болуына кекештігі кедергі болған жоқ. Керісінше, ол бұл туралы ашық айтады, әзілдейді және өзін-өзі еркін ұстайды.
Менің Флоридадағы телешоуымда белгілі бір сөйлеу ақауымен дүниеге келген қонақ болды, сондықтан оны түсіну қиынға түсті. Алайда ол менің шоуыма қатысып, өзі туралы айтуға қуана келісті. Кейбір адамдар кемшілік деп санайтын ерекшелігіне қарамастан, ол мультимиллионер атанды. Мультимиллионер болу үшін не істеді деп ойлайсыз? Ол өз жолын қарапайым сатушы болып бастаған. Ең маңыздысы, ол өзі сөйлескен адамдардан айқын нәрсені жасыруға тырыспай, керісінше өзінің «күлкілі сөйлейтінін» мойындайтын. Соның арқасында сәттілікке қол жеткізді.
2
Бірінші қадам
Бейтаныс адамдармен қалай сөйлесуге болады?
• Өзіңіз бен өзгелердің ұялшақтығын жеңу
• Іске кірісу
• Аулақ болу керек сұрақтар
• Әңгімелесудің бірінші ережесі
• Ым тілі
• Тыйым салынған тағы не қалды?
Күнделікті өмірде немесе кәсіби ортада болсын, адамдармен сөйлесу кезінде ұмытпау керек алғашқы ережелердің бірі – сөйлесушіңіздің бойын еркін ұстауына көмектесу болып табылады. Көп адамдар негізінен ұялшақ болып келеді, ал ұялшақтық сезімі маған таныс. Бруклиннен шыққан көзілдірік киген еврей жігіті ұялшақтықтың не екенін біледі. Біз бәріміз бұрын кездеспеген адаммен сөйлескенде немесе көпшілік алдында бірінші рет сөйлегенде қобалжуға немесе кем дегенде қолайсыздықты сезінуге бейімбіз.
Мен тапқан ұялшақтықты жеңудің ең жақсы жолы – сөйлесіп жатқан адам шалбарын әр аяғына кезекпен киетінін еске түсіру. Әрине, бұл клише, бірақ көптеген клишелер сияқты шындыққа жанасады. Клишеге айналған себебі де сол шығар.
Бұл клише біздің бәріміз жай ғана адам екенімізді еске салады, сондықтан сіз төрт академиялық деңгейі бар колледж профессорымен немесе ғарышқа сағатына 18 000 миль жылдамдықпен ұшқан ғарышкермен, немесе сіздің штатыңыздың губернаторы болып сайланған адаммен сөйлескен уақытта олар да сіз сияқты қарапайым адам екенін ұмытпауыңыз керек.
Әрқашан есте сақтаңыз: сіз өзіңізді оларға тең деп санасаңыз да, санамасаңыз да, сөйлесіп жатқан адамдарға сізге олармен сөйлесу қызық екенін көрсетіңіз, сол кезде басқалар да сізбен сөйлескеннен ләззат алады.
Есіңізде болсын, біз бәріміз бір ортадан шықтық, бәріміз өз жолымызды бірдей бастадық. Арамызда байлық пен дәулеттің ортасында дүниеге келгендер аз. Кеннеди, Рокфеллер немесе солар сияқты таңдаулы отбасылардың мүшесі болып туылу бәріне бірдей бұйырмаған. Біздің көпшілігіміз орташа немесе төмен табысы бар отбасылардың балалары ретінде бастадық. Колледжде оқып жүріп оқу ақысын төлеу үшін жарты күн жұмыс істедік, мансабымызды бастаған кезде бірден толыққанды жұмыс табылмайтын. Мүмкін, біз сөйлесіп отырған адамдар да кезінде дәл сондай жағдайда болған шығар. Біз олар сияқты бай және атақты, өз саламызда дәл солар сияқты табысты