Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары. Ларри Кинг
Читать онлайн книгу.сол кезде оның алақанының терлегенін байқадым. Ал сәлем айтқанын әрең естідім. Оның қобалжығаны анық. Осынша қобалжығаны несі? Мына түрімен қалай ғана ұшақ басқарды екен?
Желілік жаңалықтарды бес минуттық шолудан кейін мен сағат 11:05-те Эйстер туралы қысқаша шолумен бағдарламаны аштым. Содан кейін бірінші сұрағымды қойдым:
– Сіз неге өз еркіңізбен ұшқыш болдыңыз?
– Мен білмеймін.
– Демек, сіздің ұшуды ұнататыныңыз анық.
– Иә.
– Сіз неге ұшуды ұнататыныңызды білесіз бе?
– Жоқ.
Тағы біраз сұрақтар бар еді, олардың барлығына біздің эйс үш сөзбен немесе одан да аз сөзбен жауап берді – «Иә. Жоқ. Мен білмеймін».
Мен студиядағы сағатқа қарасам, сағат 11:07-ні көрсетіп тұр, ал менің дайындаған материалым таусылды. Бұл адамнан енді сұрайтын ештеңе жоқ.
Ол қатты қорқып тұрды. Бойын қорқыныш билеп алды. «Miami Herald» баспаханасының адамдары мұндайды күтпегені анық, тосыннан абдырап қалды. Мен де жанымды қоярға жер таппай дел-сал болып тұрмын. Барлығының ойында бір сұрақ: енді не істейміз? Алда әлі елу минут бар. Майамидегі тыңдаушылар кез келген секундта өздерінің радиоқабылдағыштарын басқа толқынға ауыстырып жіберуі мүмкін.
Мен тағы да өзімнің түйсігіме сеніп, эфирдегі қонақтан сұрадым: «Егер дәл қазір аспанда жаудың бес ұшағы болса, ал станцияның артында сіздің ұшағыңыз дайын тұрса, сіз тағы да әуеге көтерілер ме едіңіз?»
– Иә.
– Сіз қобалжыған болар ма едіңіз?
– Жоқ.
– Онда неге қазір қобалжып тұрсыз?
Оның жауабы: «Өйткені бізді кім тыңдайтынын білмеймін».
Менің келесі сұрағым: «Сіз белгісіздіктен қорқасыз ба?» – болатын. Осыдан кейін біз оның әуе корпусындағы күндері туралы сөйлесуді доғарып, қорқыныш тақырыбына көштік. Көп күттірмей менің қонағымның бойын жаулап алған қобалжудың ізі де қалмады.
Онымен қоймай, бар жоғы он минут ішінде оның күйі адам танымастай болып өзгеріп, әңгіме қыза түсті. Ұшу туралы сөйлескіңіз келді ме? Ал, ендеше тыңдаңыз. Эйс үлкен ынтамен сөзін бастады: «Мен өз ұшағыммен бұлттарды жарып ұшып, күрт оңға бұрылдым! Сол сәтте менің қанатымның ұшында күн жарқырап тұрды…»
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «Литрес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на Литрес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.