Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері: Тиімді тілдесу құпиялары. Ларри Кинг
Читать онлайн книгу.тырысатын адамдар кеңінен қолданатын әдіс.
Соған қарамастан, бұл әдіс күнделікті сөйлесу үшін де жарамды. Бұл сізге көзбе көз байланыс орнатуды үйретуге көмектеседі, өйткені сіз айнадағы қарама-қарсы бейнеге қарап тұрасыз.
Келесі әдіс туралы естімес бұрын мені есінен ауысқан деп ойламауыңызды сұраймын, себебі ол әдіс сізге итіңізбен, мысығыңызбен, құсыңызбен немесе алтын балығыңызбен сөйлесуді ұсынады. Үй жануарларымен сөйлесу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренуге болады, әрі олар сіздің сөзіңізді бөледі немесе сөз қайтарады деп алаңдамайсыз.
Сөйлеу қабілетіңізді жақсартуға деген ұмтылыстан бөлек жақсы спикер болу үшін қажет тағы екі ингредиент бар: сөйлесушіге деген қызығушылық пен ашықтық.
Менің ойымша, «CNN»-дегі түнгі ток-шоуларымның көрермендері менің қонақтарыма қызығушылық танытатынымды жақсы біледі. Мен олардың көздеріне тіке қарауға тырысамын. (Мұны істей алмау көптеген адамдар үшін сәтсіздік болып саналады, біз оны кейінірек талқылаймыз.) Содан кейін ғана келген қонаққа жақын отырып, оларға өздері туралы сұрақтар қоямын.
Мен өз шоуларымның барлық қатысушыларын құрметтеймін – президенттер мен атақты спортшылардан бастап, «Muppets» шоуындағы Бақа Кермит пен Мисс Пиггиге дейін – иә, олар да менің шоуларыма қатысқан.
Адамдармен сәтті сөйлесу үшін сіздің олардың не айтпақшы екеніне қызығушылық танытып, құрметтеуіңіз маңызды. Уилл Роджерстің кезінде айтқаны:
«Бәріміздің білмейтініміз көп – тек әр түрлі тақырыптар аясында». Осы сөздерді жұмысқа бара жатқан жолда кездестірген бір адаммен немесе он миллион адамнан құралған аудитория алдында шоу қонағымен сөйлесіп жатсаңыз да есте сақтаған жөн. Басқаша айтқанда – әркім бір нәрсенің маманы. Әркімнің сөйлескенді ұнататын кем дегенде бір тақырыбы бар.
Басқа адамдардың білімін әрқашан құрметтеңіз. Тыңдаушыларыңыз әрқашан сіздің оларға деген көзқарасыңызды байқайды. Егер оларды құрметтейтініңізді сезінсе, сіз сөйлеген кезде мұқият тыңдайтын болады. Ал керісінше болған жағдайда, сіз айтқан немесе жасаған ештеңе оларды қызықтырмайтын болады.
Менің табысқа жету формуламның соңғы бөлігі – ашықтық. Мысал ретінде радиоға алғаш шыққан кездегі қорқынышты жеңуге көмектескен ашық мойындауымды келтіруге болады. Маңызды ереже – басқалардың сізге қалай қарағанын қаласаңыз, сіз де оларға солай қарауыңыз керек. Бұл ереже әңгімеге де қатысты. Сіз өзіңіздің әңгімелесушілеріңізбен олар сізбен бірге болғысы келетіндей ашық және шынайы болуыңыз керек.
Бұл сіз үнемі өзіңіз туралы айта беруіңіз немесе жеке құпияларыңызды жария етуіңіз керек дегенді білдірмейді. Шындығында, барлығы керісінше. Көршіңіздің денсаулығына қатысты қиындықтары туралы тыңдағыңыз келе ме? Немесе әріптесіңіздің демалыс күндерін қайын енесімен өткізгені жайлы ма? Тыңдағыңыз келмейтін шығар, сондықтан мұндай тақырыптарды қозғамаған жөн.
Сонымен қатар, сіз басқа адамнан сұрайтын ақпаратты